Новая страница 1



  

Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез...

                                                                            Абай

       

      

 
 


 

Оқу-әдістемелік жұмыстар

 

1995 жылдан бері студенттерге білім берумен қатар, ғылыми зерттеу жұмысын қатар жүргізіп келеді. «Информатика» мамандығы студенттеріне «Информатика», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Педагогикалық информатика», «Есептеу жүйелері мен желілері» пәндерінен, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне «Алгоритмдеу және программалау негіздері», «Программалау технологиясы», «Информатика» мамандығы магистранттарына  «Информатиканы оқыту технологиясы мен әдістемесі»,   «Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі» пәнінен, «Менеджменттің ақпараттық жүйесі», «Macromedia Flash MX технологиясы», «Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы», міндетті арнайы курстарынан көп жылдар бойы жинақтаған тәжірибелері негізінде  дәріс беруде.

Сонымен қатар, оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бағытында әртүрлі оқу материалдары жарық көрген. Атап айтқанда, «Информатиканы оқыту әдістемесі» (2000 ж. «Білім» баспасы), «Паскаль тілінде программалау» (2002 ж., Абай атындағы АлМу), «Мәліметтер қоры және банкі» (2004 ж., Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ), «MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі» (2005 ж., Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ), «Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері» (қосарлы авторлар Тұрғанбаева А.Р., Бостанов Б.Ғ., 2005 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ), «Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы» (қосарлы авторлар Тұрғанбаева А.Р., Бостанов Б.Ғ., 2005 ж., ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырған конкурстық комиссия мүшелері ұсынған), «Алгоритмдер және мәліметтер құрылымы» (2006 ж.), «Macromedia Flash MX технологиясын оқыту»  (2006 ж.), «Педагогикалық информатика» (қосарлы автор Г.А.Абдулкаримова, оқулық, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007ж.), оқулық, оқу және оқу-әдістемелік құралдары оқу процесінде пайдаланылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншігі құқығы комитетінде бекітілген 3 электрондық оқулықтың:   «Delphi ортасы», «Паскаль тілі»,  «Macromedia Flash MX технологиясы» авторы болып табылады. Ғылыми әдістемелік еңбектерінің жалпы саны  110-нан асады.

 

Жарияланған типтік оқу бағдарламалары:

1. «Педагогикалық информатика» пәнінен жұмыс бағдарламасы

2.«Информатиканы оқыту технологиясы мен әдістемесі» пәнінен жұмыс бағдарламасы

3.«Алгоритмдеу және программалау негіздері» пәнінен жұмыс бағдарламасы

4.«Macromedia Flash MX технологиясынан» арнайы курс

5. «Есептеу желілері» пәнінен жұмыс бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             







 
 
 
Сайт создан в системе uCoz