GZXalikova



  

Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез...

                                                                            Абай

       

      

 
 


Өмірбаян

Халықова Гүлира Заманбекқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының профессоры.

Абай атындағы Қазақ педагогика институтының  физика-математика факультетін 1987 жылы бітірген.     1988-1991 ж.ж. Ы. Алтынсарин атындағы Ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеген. 1991-1994 ж.ж. аталған институттың күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды. 1995 жылы “Оқушыны компьютер негізінде дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері” атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Г.З. Халықова Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің  «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасында 1995 жылдан бастап қызмет істеп келеді.

Г.З. Халықова Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырып, өткізген        2007-жылдың «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болып табылды.

2008 жылы Цукуба (Япония) университетінде стажировкадан өтті. Оңтүстік Корея, Бельгия, Болгария, Ресей, Турция елдерінде өткен халықаралық конференцияларға қатысқан.

Республикалық, қалалық, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында өтетін ғылыми семинарларға қатысып, аталған мекемелерде  жыл сайын лекциялар оқып, пікір, тәжірибелерімен алмасып отырады.

         2010 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры атанды. Сонымен бірге, осы жылы өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін Академияның АЛЬФРЕД НОБЕЛЬ атындағы

медалімен марапатталды және "Танымал Ресей ғалымдары" атты энцикклопедияға енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             







 
 
 
Сайт создан в системе uCoz